Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ Meta компаниясынан әлеуметтік желілердің балаларға әсері туралы есеп талап етті

17 Қыркүйек 2025, 07:47
591
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

АҚШ-та он сенатордан тұратын топ Meta Platforms компаниясынан  оның өнімдерінің балаларға әсері туралы есептерді, сондай-ақ ата-аналық бақылау жүйелерінің тиімділігіне қатысты мәліметтерді ұсынуды талап етті. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бастамаға республикалық және демократиялық партиялардың өкілдері қатысып отыр. Сенаторлардың айтуынша, Meta компаниясы ата-аналарға да, Конгреске де ұсынған бақылау құралдары «іс жүзінде тиімсіз әрі кеңінен қолданылмайды».

Хат Сенат тыңдауынан бір апта өткен соң жолданған. Ол жиында Meta-ның бұрынғы қызметкерлері компания басшылығын балалардың жыныстық сипаттағы материалдарға тап болғаны туралы деректерді жасыруға тырысты деп айыптаған еді.

Сонымен қатар, шілде айында Meta корпорациясы жаңа сот процесінің ортасында қалды. Strike 3 Holdings (S3H) холдингі технологиялық компанияны өз жасанды интеллект (AI) моделін үйрету үшін заңсыз алынған порнографиялық мазмұнды пайдаланған деп айыптады. Meta бұл айыптауларды негізсіз деп атады.

Өзгелердің жаңалығы