АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио министр Серік Жұманғаринмен кездесті

АҚШ тарапы Қазақстанның C5+1 форматындағы белсенділігін жоғары бағалап, оның өңірлік ынтымақтастықты нығайтудағы үлесін атап өтті.

 Бүгiн 2026, 01:45
Бүгiн 2026, 01:45
110

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен кездесу өткізді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуге сондай-ақ АҚШ-пен келіссөздер жөніндегі арнайы өкіл, елші Ержан Қазыхан қатысты. Тараптар екі ел арасындағы әріптестікті кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Әсіресе, Қазақстанның бітімгершілік процестердегі рөлі мен аймақтық бастамалардағы белсенділігіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, АҚШ пен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту жолдары қарастырылды.

АҚШ тарапы Қазақстанның C5+1 форматындағы белсенділігін жоғары бағалап, оның өңірлік ынтымақтастықты нығайтудағы үлесін атап өтті.

Мемлекеттік департамент АҚШ-тың Қазақстанның егемендігіне, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына қолдау көрсету ұстанымы өзгермейтінін жеткізді. Сондай-ақ тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға ниетті екенін білдірді.

Наверх