Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ Мемхатшысы Мұрат Нұртілеумен кездесті

13 Маусым 2025, 08:20
583
Бөлісу:
 ulysmedia.kz
Фото: ulysmedia.kz

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, соның ішінде инвестиция мен сауданы талқылады.

X әлеуметтік желісінде Марко Рубио келіссөздер барысында ақпараттық технологиялар мен маңызды пайдалы қазбалар салаларындағы сауда мен инвестицияны дамыту мүмкіндіктеріне назар аударылғанын хабарлады. Сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істейтін америкалық компанияларға тең жағдай жасау мәселесі талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы