АҚШ маймыл шешегіне байланысты төтенше жағдай жариялады

5 Тамыз 2022, 19:16
1616
Бөлісу:
АҚШ маймыл шешегіне байланысты төтенше жағдай жариялады

Америка Құрама Штатында қоғамдық денсаулық сақтау саласында маймыл шешегіне байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

golosameriki.com сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, бұған дейін президент Джо Байден Ақ үйдің екі жоғары шенді қызметкерін маймыл шешегіне қарсы іс-шараларды үйлестіруге жауапты етіп тағайындаған болатын. Одан соң Калифорния, Иллинойс және Нью-Йоркте індет жұқтырғандардың күрт өсуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. АҚШ-та вирус жұқтырған адамдар саны 6,6 мыңнан асып кетті. 

 Алғаш рет маймылдарда бұл ауру 1958 жылы анықталған. Қызба, ауырсыну мен терінің іріңді жарақаттарын тударытн дерт. ДДСҰ таратқан деректерге сәйкес, адамдар екі-төрт апта ішінде вирустан  жазылып шығады. 

Өзгелердің жаңалығы