АҚШ Канададан келетін кейбір тауарларға шектеу қойды

Тиісті тыйым күшіне енді.

 Getty Images 30 Қыркүйек 2026, 02:55
30 Қыркүйек 2026, 02:55
126
Фото: Getty Images
АҚШ Канададан бірқатар тауарлар түрлерін импорттауды белгісіз мерзімге тоқтатты. Ақ үй басшысы Дональд Трамптың жарлығында көзделген тыйым 29 қыркүйекте күшіне енді. Өзгеріс алкогольді ішімдіктерге, сыраға, шарапқа, кейбір сүт өнімдеріне, сондай-ақ мотоциклдерге қатысты.
 
Бұл туралы DW агенттігі жазды.
 
Бұған дейін АҚШ шенеуніктерінің бірі бұл шектеулер бірнеше миллиард доллардың тауарына әсер ететінін мәлімдеген еді.

АҚШ президенті Дональд Трамп осы даулы шектеулерге қатысты пікір білдіре отырып, Канаданы АҚШ-қа "әділетсіз қарайды" деп айыптады. Америка басшысы канадалық тауарлардың импортына шектеу қойылатынын қыркүйектің басында-ақ ескерткен болатын. Оттава Вашингтон енгізген жоғары кедендік баждарға дәл сондай шаралармен жауап берген.

Екі ел арасындағы сауда дауы тамыз айындағы келіссөздер нәтижесіз аяқталғаннан кейін ушыға түсті. Қыркүйек ортасында Трамп Еуроодаққа да сес көрсетті.

Трамп АҚШ Канадамен саудаға мұқтаж емес деп мәлімдегенімен, АҚШ-тың ресми деректеріне сүйенсек, Канада Америка үшін әлемдегі екінші ірі сауда серіктесі саналады.

Наверх