АҚШ Иранның басты мұнай хабына соққы жасады 

Иранда өндірілетін мұнайдың шамамен 90%-ы экспортталатын Харг аралына соққыларды АҚШ пен Израильдің қарулы күштері жасаған.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 17:31
Бүгiн 2026, 17:31
159
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Иранда өндірілетін мұнайдың шамамен 90%-ы экспортталатын Харг аралында бірнеше жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Mehr агенттігінің мәліметінше, аралға соққыларды АҚШ пен Израильдің қарулы күштері жасаған. Алайда нақты қай нысандардың шабуылға ұшырағаны әзірге нақтыланбады.

Axios басылымы аты-жөні аталмаған америкалық шенеунікке сілтеме жасап, арал аумағында әскери нысандар нысанаға алынғанын жазды.

Осыдан кейін Иранның элиталық әскери құрылымы – Ислам революциясы сақшылары корпусы қатаң мәлімдеме жасады. Онда "егер америкалық армия "қызыл сызықтарды" бұзса, жауап тек өңірмен шектелмейтіні" айтылған.

Айта кетейік, 7 сәуірге қараған түні АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін берген мерзім аяқталады. Бұған дейін Трамп Иранмен "бір түнде-ақ есеп айырысуға болатынын" айтып, мұндай сценарийдің 7-нен 8 сәуірге қараған түні жүзеге асуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Наверх