АҚШ Иранмен келісім жасау мерзімін тағы бір тәулікке ұзартты – Axios

Бұған дейін Трамп Иран Ормуз бұғазын 6 сәуірге дейін ашпаса, энергетикалық және азаматтық инфрақұрылымға соққы жасалуы мүмкін екенін ескерткен болатын.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 00:30
Бүгiн 2026, 00:30
108
Фото: depositphotos.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ықтимал келісім жасау мерзімін қосымша 24 сағатқа ұзартты. Бұл туралы Axios порталының тілшісі Барак Равид мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Журналисттің мәліметінше, Трамп Truth Social желісінде нақты түсіндірмесіз «сейсенбі, Шығыс жағалауы уақыты бойынша 20:00» деп жазба қалдырған. Бұл келіссөздер мерзімінің ұзартылғанын білдіреді.

Бұған дейін Трамп Иран Ормуз бұғазын 6 сәуірге дейін ашпаса, энергетикалық және азаматтық инфрақұрылымға соққы жасалуы мүмкін екенін ескерткен болатын.

Сондай-ақ, АҚШ басшысы 26 наурызда Иранның энергетикалық нысандарына жасалатын соққыларды 10 күнге уақытша тоқтататынын мәлімдеген еді.

Наверх