Парижде жарылыс бола жаздады: Полиция күдіктіні дер кезінде ұстады

Күдіктіде қолдан жасалған жарылғыш құрылғы болған.

 wikimedia Бүгiн 2026, 09:49
Бүгiн 2026, 09:49
187
Фото: wikimedia

28 наурызда Франция құқық қорғау органдары Париждің орталығында болуы мүмкін теракттің алдын алды. Bank of America ғимаратының жанында қолдан жасалған жарылғыш құрылғысы бар ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға таңғы сағат 3:30 шамасында 8-округте, Елисей алаңына жақын жерде болған. The Guardian деректеріне сүйенсек, күдікті құрылғыны орнатқан сәттен кейін бірден қолға түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, құрылғының ішінде шамамен бес литр сұйықтық (болжам бойынша жанармай) және тұтандыру жүйесі болған. Тұтандырғыш бөлігінде шамамен 650 грамм жарылғыш ұнтақ табылған. Құрылғы сараптама жүргізу үшін криминалистикалық зертханаға жіберілді.

Істі Францияның терроризмге қарсы прокуратурасы тергеп жатыр. Ол қауіпті құралдарды қолдану арқылы зиян келтіруге әрекет ету және террористік әрекетке қатысу ретінде сараланып отыр. Тергеуге Париждің сот полициясы мен Ішкі қауіпсіздік бас басқармасы қатысуда.

Францияның ішкі істер министрі Лоран Нуньес полицияның әрекеті дер кезінде болғанын атап өтті. Оның айтуынша, халықаралық жағдайға байланысты елдегі қауіп деңгейі әлі де жоғары күйінде қалып отыр.

Наверх