Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ-Иран шиеленісі: Қазақстан ядролық қауіпсіздік бойынша келісім жасауды ұсынды

22 Маусым 2025, 12:51
1586
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің нәтижесінде әлемнің біздің бөлігінде орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін қатерлі салдары бар халықаралық жағдайдың күрт нашарлауы байқалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Каспий маңы елдерінің тобына кіреді және Иранмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуда. Мемлекетіміз барлық келіспеушіліктерді, оның ішінде ядролық мәселелерді БҰҰ Жарғысы негізінде келіссөздер жүргізу арқылы шешу қажет деп санайды. Барлық мүдделі елдерді ядролық қарудың таралуына жол бермеу және халықаралық бақылаумен таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдіктер беру мақсатында келісімді жақын арада әзірлеуге шақырамыз, - деп мәлімдеді СІМ.

Өзгелердің жаңалығы