Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жыл басталғалы бірнеше елге мемлекеттік іссапармен барып, түрлі іс-шараларға қатысты. Бүгін Президенттің іссапары аясында қандай келісімдер жасалып, қабылданған шешімдерге шолу жасап көрейік.
Біріккен Араб Әмірліктеріне сапар
Мемлекет басшысы 2023 жылдағы ресми сапарын 16 қаңтар күні Біріккен Араб Әмірліктерінен бастады. Тоқаев сапары кезінде «Абу Даби тұрақты даму апталығы» атты саммиттің ашылу рәсіміне қатысқан болатын.
17 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді.
Екіжақты ынтымақтастықтың басқа да басым бағыттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның Бірлескен мәлімдемесінде жарияланды.
Ресми сапар аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Стратегиялық инвестициялық жобаларды құру туралы бірлескен декларация;
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Бас азаматтық авиацияның басқармасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «KIDF» қоры және «Masdar» компаниясы арасындағы Қағидаттар туралы келісім;
4. «KIDF» қоры мен «Masdar» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
5. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және «Abu Dhabi Ports» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
6. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ және «Abu Dhabi Ports Group» компаниясы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісім;
7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Денсаулық сақтау және профилактика министрлігі арасындағы Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
8. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Ануар Гаргаш атындағы Дипломатиялық академия арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
9. Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық кітапханасы мен архивтері арасындағы Архив ісі саласындағы халықаралық байланыстарды жүзеге асыру жөніндегі келісім.
Түркияға сапар
Президент Тоқаев 16 наурызда Түркияға ресми сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесу өткізіп, Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысты.
Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
1.Түркі мемлекеттері ұйымы кезектен тыс саммитінің Анкара декларациясы;
2.Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау механизмін құру туралы шешім.
3.Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім.
Ресейге сапар
Мемлекет басшысы 8-9 мамыр күндері Ресейге жұмыс сапарымен барды.
Президент Тверь облысындағы Ржев мемориалына барып, 100-ші және 101-ші атқыштар дивизияларының құрамында шайқасып, қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына барды. Онда Президенттің әкесінің ағасы Қасым Болтаев та жерленген. Ржев түбіндегі шайқасқа Қазақстаннан 22 мыңға жуық сарбаз бен офицер қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мамыр күні Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған парадқа қатысты. Салтанатты шараға Ресей ТМД-ға мүше елдердің басшыларын шақырды.
Туған күндегі Қытайға сапар
17 мамырда туған күнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы басшыларының Бірлескен мәлімдемесі;
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі меморандум;
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы меморандум;
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы индустрияландыру және инвестициялық ынтымақтастық жоспары;
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім;
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісім;
7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы ҚР-дан ҚХР-ға күнбағыс, мақсары, соя және зығыр тұқымының шротын (күнжара) экспорттауға қойылатын санитариялық және фитосанитариялық талаптар жөніндегі хаттама;
8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы ҚР-дан ҚХР-ға экспортталатын бұршақ пен жасымық партияларына қойылатын инспекциялық және карантиндік талаптар жөніндегі хаттама;
9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы ҚР-дан ҚХР-ға су өнімдерін экспорттау жөніндегі хаттама;
10. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші трансшекаралық теміржолды бірлесіп іске асыруды алдын ала қарау туралы өзара түсіністік туралы меморандум;
11. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы мәдени орталықтар құру жөніндегі ниеті туралы меморандум;
12. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі арасындағы сауда-экономикалық зерттеулер саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
13. Қазақстан стандарттау және метрология институты мен Қытай Халық Республикасының Стандарттау басқармасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
14. ҚР Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен ҚХР Тяньцзинь қаласының Халық Үкіметі арасында Қазақстанда «Лу Бань шеберханасын» құру туралы келісім;
15. ҚР Шымкент қаласы мен ҚХР Сиань қаласы арасында бауырластық байланыстар орнату туралы келісім;
16. ҚР Солтүстік Қазақстан облысы мен ҚХР Шэньси провинциясы арасында бауырластық байланыстар/қатынастар орнату туралы келісім;
17. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситеті мен Сиань Солтүстік-Батыс политехникалық университеті арасындағы ҚазҰУ жанынан ССБПУ филиалын ашу туралы келісім;
18. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Энергетика істері жөніндегі мемлекеттік басқару арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
19. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы» арасындағы қазақ-қытай стратегиялық энергетикалық ынтымақтастығын кеңейту туралы негіздемелік келісім;
20. Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу және метрология комитеті мен ҚХР Стандарттау басқармасы арасындағы меморандум;
21. «Хабар» Агенттігі» АҚ мен Қытай Медиа корпорациясы (CMG) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
22. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қытай мұнай университеті арасындағы ынтымақтастық орнату туралы келісім;
23. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мен Қытай Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылықтары университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.
Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты.
Қырғызстанға сапар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 маусымда президенттердің Шолпан-Ата қаласында өткен «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» форматындағы екінші кездесуіне қатысты.
Сауд Арабиясы Корольдігіне сапар
18 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барудан басталды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің» бірінші саммиті аясында Кувейт Мемлекетінің Тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен кездесу өткізді. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен кездесті.
Сонымен қатар «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің» бірінші саммитіне Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Бахрейн Королінің гуманитарлық жұмыс және жастар ісі жөніндегі өкілі, Ханзада шейх Насер бен Хамад Әл Халифа, Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Кувейттің Тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әмірлігінің Билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Оман Сұлтанаты Премьер-министрінің орынбасары, Ханзада Асад бен Тариқ Әл Саид, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Шығанақтағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Жассем Мұхаммед әл-Будауи қатысты.
«Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесі» бірінші саммитінің қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды.
Вьетнамға сапар
21 тамызда Президент Вьетнамға мемлекеттік іссапармен барды.
Ханой қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Президенті Во Ван Тхыонгпен келіссөз жүргізді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша президенттер Бірлескен коммюнике қабылдады. Сонымен қатар сапар аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспары;
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім;
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
4. «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ (QazTrade) мен Вьетнамның сауданы дамытуға жәрдемдесу агенттігі (VietTrade) арасындағы саудаға жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен Вьетнам Социалистік Республикасы Сыртқы инвестиция агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
6. «Қазпошта» АҚ мен Viet Post корпорация арасындағы электрондық коммерцияны дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
7.Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен VietJet Aviation арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
8. «ҚазМұнайГаз» ҰK» АҚ мен Sovico Group арасындағы мұнай-газ жобаларына инвестициялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
9. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен Sovico Group компаниясы арасындағы транспортық-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
10. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен Crystal Bay Tourism Group JSC арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
11 Microtech DFS Vietnam Company Limited пен Vela Corporation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
12. «Хабар» Агенттігі» АҚ мен Vietnam Televesion арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Тәжікстанға сапар
Мемлекет басшысы 14 қыркүйекте Тәжікстанға ресми сапармен барды. Душанбе қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне қатысты.
Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бесінші консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме;
2. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы жастар саясатының жалпы бағыттары туралы келісім;
3. Орталық Азиядағы жер үсті көлігінің өзара байланысын нығайту туралы келісім.
АҚШ-қа сапар
17 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды.
Бұдан бөлек, Президент бірқатар мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен кездесу өткізді.
18 қыркүйекте Нью-Йорк қаласы БҰҰ штаб-пәтерінде Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – АҚШ» мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысты.
Кездесу барысында стратегиялық серіктестікті, саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ Еуразия құрлығындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Саммитте экономикалық ынтымақтастық мәселесіне, сондай-ақ америкалық компаниялардың маңызды қазба байлықтарды игеру, жаңартылатын энергия көздері, өңдеу өнеркәсібі және басқа да бағыттарды дамыту мүмкіндіктеріне баса мән берілді.
Германияға сапар
28 қыркүйекте Германияға ресми сапармен барған Қазақстан Президенті Федералдық канцлер Олаф Шольцпен бетпе-бет форматында келіссөз жүргізді.
Келіссөз барысында тараптар екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ-герман байланыстарын одан әрі кешенді түрде нығайтуға өзара мүдделі екенін растады.
Екі ел басшылары ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындап, сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, «жасыл энергетика» және басқа да салалардағы ықпалдастықты жандандыруға уағдаласты.
Президент пен Канцлер өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ жоғары деңгейде өтетін «Орталық Азия – Германия» кездесуінің күн тәртібін талқылады.
Қырғызстанға тағы бір сапар
13 қазанда Тоқаев Бішкекке жұмыс сапарымен барып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.
Саммит қорытындысы бойынша Достастық елдерінің президенттері бірқатар құжатқа қол қойды.
Мемлекеттер басшылары кеңесінің келесі отырысы 2024 жылы Ресей Федерациясының төрағалығымен өтеді.
Аспан асты еліне қайта оралғанда...
17 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапарында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің келіссөзі нәтижесінде екі елдің делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:
1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Қытай Халық Республикасы Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы экономикалық даму саласындағы алмасу және ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай-Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісім;
3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы «Тачэн – Аягөз» теміржолын салу жобасы бойынша ынтымақтастықты бірлесіп дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум:
4. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісім;
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына рапсты экспорттау кезіндегі фитосанитариялық талаптар туралы хаттама;
Сапар шеңберінде жалпы құны 16,54 миллиард доллар болатын 30 коммерциялық құжатқа, соның ішінде инвестициялық, сауда келісімдеріне, өндіріс технологиясын беру, кредит желісін ашу және тағы да басқа бағыттарды қамтитын келісімшарттарға қол қойылды.
Мемлекет басшысының қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Терефтал қышқылын/полиэтилентерефталат өндіру жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөнінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен SINOPEC арасындағы келісім;
2. «CASPI BITUM» БК» ЖШС зауытының мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 миллион тоннаға дейін жеткізу жобасын ілгерілету жөнінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен CITIC Group арасындағы өзара түсіністік туралы келісім;
3. «Қазпошта» АҚ мен YTO Express Group арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
4. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен CRRC Corporation Limited арасындағы ынтымақтастық және CRRC Corporation Limited өнімдерін сатып алу туралы негіздемелік келісім (сауда келісімі);
5. Жер қойнауын пайдалану келісімшартының жарамдылық мерзімін ұзарту жөнінде ҚР Энергетика министрлігі мен China National Petroleum Corporation компаниясының екіжақты мәлімдемесі.
6. «Силлено» ЖШС-нің жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алу-сату туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, SINOPEC және «СИБУР» ЖШҚ арасындағы шарт;
Сонымен қатар Мемлекет басшысының ҚХР-ға сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. «Самұрық-Қазына» АҚ, Сhina Power International Holding мен SANY Renewable Energy Co. Ltd арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
2. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Бейжің мұнай университеті арасындағы «Бір белдеу, бір жол» қауымдастығын құру жөнінде ынтымақтастық туралы келісім;
3. «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС мен Shenzhen Enterprise Confederation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
4. «Самұрық-Энерго» АҚ мен Power China Resources Ltd. арасындағы жобаны бірлесіп әзірлеу жөніндегі келісім;
5. «Самұрық-Қазына» АҚ мен China Power International Holding арасындағы бірлескен әзірлеме туралы келісім;
6. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен China National Offshore Oil Corporation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
7. «QazaqGaz»ҰК» АҚ мен Geo-Jade Petroleum Corporation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
8. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен Liangjiang Precision Control Electronic Technology (Chongqing) Co. Ltd арасындағы «Азаматтық мақсатта қолданылатын жарылғыш заттардың индустриялық паркі» жобасын іске асыруға ниет білдіру туралы келісім;
9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ мен China Huadian Overseas Investment арасындағы инвестициялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім;
10. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Ляньюньган порты» компаниялар тобы» ЖШҚ арасындағы ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім;
11. Astana Motors пен BYD Auto Industry Co Ltd. арасындағы энергияның жаңа көздерін пайдаланатын автомобильдерді тасымалдау туралы дистрибьюторлық келісім;
12. Astana Motors пен TELD New Energy Co Ltd. арасындағы дистрибьюторлық келісім;
13. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Бейжің шет тілдері университеті арасындағы академиялық алмасу жөнінде қосымша келісім;
14. «Самұрық-Қазына» АҚ мен GPC Investment LLP, Bank of China Limited (Tokyo Branch), JSC AB «Bank of China Kazakhstan», China Construction Bank (Asia) Corporation Limited арасындағы GPC Investment үшін кредит желісін ашу туралы кредиттік келісім;
15. «Самұрық-Қазына» АҚ мен SANY Renewable Energy Co. Ltd. арасындағы инвестиция жөніндегі алдын ала келісім;
16. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ мен China National Petroleum Corporation арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
17. «Қазақстан Республикасы Президентінiң Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК ШЖҚ, «Астана медицина университеті» КеАҚ мен BGI Group арасындағы ынтымақтастық және серіктестік туралы меморандум;
18. «Қазпошта» АҚ мен Sai Cheng International Logistics Co., Ltd. арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
19. «Primus Capital» ЖШС мен Sinoma Cement Co.Ltd арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
20. «Астана медицина университеті» КеАҚ мен Shanghai United Imaging Healthcare Co.Ltd арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
21. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Бейжің Тіл және мәдениет университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
22. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ арасындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшартқа №7 қосымша;
23. «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ мен BGI Group арасындағы Qazaqstan Investment Corporation компаниясының Forebright Life Science Technology Fund қорына қатысуына байланысты негізгі шарттар;
24. «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен Petrochina International Co.Ltd. арасындағы табиғи газды сатып алу-сату шарты.
Беларуське сапар
18 қазанда Президент «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының III форумының ашылу рәсіміне қатысты.
23 қарашада Минск қаласында Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамда өткен сессиясына қатысты. Жиынға Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысты.
Сессия барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті аспектілері талқыланды. Сонымен қатар ұйым қызметінің басты бағыттары бойынша биыл атқарылған жұмыстардың қорытындысы жасалып, алдағы кезеңнің жоспары айқындалды. Бұдан бөлек, мемлекеттер басшылары жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.