АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік департаменті Гарвард университетінің шетелдік студенттерді қабылдау құқығынан айырылғанын, бұл тәжірибені басқа оқу орындарына да қолдану ықтималдығын қарастырып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Fox News арнасына сілтеме жасап.
Аталған бастаманы Ішкі қауіпсіздік департаментінің басшысы Кристи Ноем қолдап, Гарвард университетінен аккредиттеудің қайтарылғанын және ведомствоның бұл әрекет үшін сот алдында жауап беруге дайын екенін айтты.
Олар біздің әрекеттерімізге сотта дауласуға тырыссын, – деді Кристи Ноем университеттердің ықтимал шағымдары туралы сұраққа жауап бере отырып.
Шенеунік Гарвардта қазіргі таңда білім алып жатқан барлық шетелдік студенттердің басқа университеттерге ауысуы тиіс екенін нақтылады. Бұл олардың иммиграциялық мәртебесін сақтап қалу үшін қажет.
Сондай-ақ, Кристи Ноем Гарвардтың жағдайын үлгі ретінде ұсынып, басқа университеттердің де студенттермен алмасу бағдарламаларына шектеу қойылуы мүмкін екенін атап өтті. Бұл бастама АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік саясатын күшейту аясында қабылдануда.