АҚШ елшілігінің өкілі Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

26 Желтоқсан 2019, 16:14
3835
Бөлісу:
АҚШ елшілігінің өкілі Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы АҚШ-тың Уақытша сенімді өкілі Теодор Линг мырза қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.


Құрметті достар! Мен АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы елшілігінің атынан барлығыңызға қуанышты мереке күндерін тілеймін! Америкалықтар мен қазақстандықтардың мерекелерді достарымен және отбасы мүшелерімен бірге атап өтетін дәстүрі бар. 2019 жыл менің есімде мақтанарлықтай көптеген жетістігімізбен қалатыны сөзсіз.

Өткен жылы біз екі ел арасындағы тамаша ынтымақтастықтың көптеген мысалына куә болдық. Бұл – біздің кеңейтілген стратегиялық серіктестігіміздің көрінісі. Атап айтсақ, таратпау, қауіпсіздік және экономикалық өсу сияқты түрлі мәселе бойынша серіктестігіміз аясында іске асты. 

АҚШ-та оқитын қазақстандықтар санының өсуіне, ғарышкерлермен, музыканттармен және бишілермен өтетін біздің бағдарламаларымызға қатысушы барлық жастағы досымыздың көбеюіне қарағанда, екі мемлекеттің ұлы халқының арасындағы байланыстардың одан әрі нығайып келе жатқанына көзіміз жетті. 

Біз сіздерді 2020 жылы көруге асықпыз және біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызды бақылап, алдағы мүмкіндіктер туралы барлық жаңалықты жіберіп алмаңыздар дейміз. 

Америкалық жазушы Генри Дэвид Торо айтқандай, "Армандарыңызға жетуге ұмтылыңыздар ..." 2020 жыл денсаулық пен молшылыққа толы болсын! Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен!

Бұған дейін, Қазақстандағы Кореяның төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсик қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар, Қазақстандағы Үндістанның төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумар Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Өзгелердің жаңалығы