АҚШ бюджет дефициті 866,6 млрд доллардан асты

13 Тамыз 2019, 19:18
2319
Бөлісу:
АҚШ бюджет дефициті 866,6 млрд доллардан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америка бюджетінің дефициті былтырғымен салыстырғанда 11% асты. Бұл туралы korrespondent.net порталы жазды.

2019 қаржылық жылдың 9 айында АҚШ бюджетінің дефициті 799 миллиард долларды құрады. Ол 2012 жылдан бері ең ірі дефицит болып отыр.

Осы жылдың басынан бері дефицит 866,8 миллиард доллар шегінен асты.

Осылайша 2019 жылдың 9 айында (2018 жылдың қазанынан бастап) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бюджет дефициті 27% жоғары болды, ал толық 2018 қаржылық жылдан 11% асты.

Қазаннан шілдеге дейін федерал бюджет кірісі өткен қаржылық жылмен салыстырғанда 3% өссе, шығыс 8% ұлғайған.

Бірақ америкалық әкімшіліктің енгізген салығы кедендік жинақтан түсетін кірісті екі есеге дейін көбейтті – олар 57 миллиард долларға жуықтады.

Қазір АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 22 трлн долларға жуық.

Өзгелердің жаңалығы