АҚШ адамның ауруын анықтаудың жаңа әдісін тапты

12 Қыркүйек 2024, 17:42
600
Бөлісу:
АҚШ адамның ауруын анықтаудың жаңа әдісін тапты

Америкалық ғалымдар науқастың дауысы арқылы гипертонияның алғашқы белгілерін дәл анықтайтын жасанды интеллект үлгісін жасап шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Олар жоғары қан қысымын диагностикалау үшін жүздеген вокалды биомаркерлерді қолданған. Технологияның тиімділігін байқау мақсатында зерттеушілер 245 емделушіге тәжірибе жасап көрді. 

Мамандар 2 апта бойы қатысушылардың дауысын 6 мәрте жазып, бақылауда ұстаған. Нәтижесінде нейрожелі әйелдердің 84%-ы мен ерлердің 77 %-ында жоғары қан қысымын дәл анықтауға қабілетті болып шықты. 

Жоба авторларының айтуынша, инновация гипертониядан бөлек, қант диабеті ауруларын да диагностикалай алады.

Өзгелердің жаңалығы