Шектеулер енгізілген елдердің тізіміне Ресей, Сомали, Ауғанстан, Бразилия, Иран, Ирак, Мысыр, Тайланд, Йемен, Нигерия және басқалары да кіреді. Бұл реттегі шектеу иммиграциялық емес визаларға қолданылмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
LIVE 5 News мемлекеттік департамент баспасөз хатшысының орынбасары Томми Пиготт әлеуметтік жәрдемақы алудан үмітті шетелдіктердің елге кіруіне жол бермеу үшін виза бойынша үзіліс жарияланғанын мәлімдеді деп хабарлайды.
Аталған 75 елмен арада көші-қон тоқтатылады, себебі мемлекеттік департамент әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерді пайдаланатын шетелдік азаматтардың елге кіруіне жол бермеу үшін иммиграциялық процедураларға қайта бағалау жүргізетін болады, – деп атап өтті Пиготт.