АҚШ 20-дан астам ирандық кемені жойғанын мәлімдеді

Оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендер саны нақтыланып жатыр.

 freepik Кеше 2026, 22:40
Кеше 2026, 22:40
186
Фото: freepik

АҚШ 20-дан астам ирандық кемені құлатты немесе суға батырды. Бұл туралы АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Мәлімдеме Пит Хегсет Үнді мұхитында америкалық сүңгуір қайық торпеда арқылы Иранның әскери кемесін суға батырғанын мәлімдегеннен кейін жарияланды.

Ал BBC дерегінше, Шри-Ланка билігі 32 адамның құтқарылғанын растаған. Шенеуніктердің бірі «Iris Dena» кемесінде 80 адамның денесі табылғанын айтқан.

Оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендер саны нақтыланып жатыр.

Наверх