Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

28 Наурыз 2022, 23:15
1665
Бөлісу:
Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 28 наурызда Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс «ZOOM» платформасы арқылы онлайн-форматта өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Отырысты Қоғамдық кеңес төрағасы Мыңбай Дархан Қамзабекұлы ашты. Іс-шараға Қоғамдық кеңес мүшелері, министрліктің басшылық құрамы, үкіметтік емес ұйымдардың, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері және т. б. қатысты.

Шара барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен гранттардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, мемлекеттік органдардың миссияларын қайта қарау, азаматтардың мемлекеттік аппараттың жұмысын түсінуі және «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КЕАҚ» қызметі туралы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің 3 жылдық жұмысының қорытындысы шығарылды.

Жиын қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері жоғарыда аталған мәселелер бойынша ұсыныстар берді.

Кезекті отырысты Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы бекітілгеннен кейін өткізу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы