Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанынан көркемдік кеңес құрылды

26 Қараша 2022, 08:57
701
Бөлісу:
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанынан көркемдік кеңес құрылды

Енді отандық сериалдар мен фильмдерді білікті мамандар жіті қадағалайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы арқылы телеөндірісті жаңа сатыға шығару жоспарланып отыр. Әсіресе тарихи кезеңдерге, қоғам өміріндегі көкейтесті мәселелерге ерекше мән берілмек. Бүгін кеңестің алғашқы отырысы өтті. Оған телевизия саласының тәжірибелі мамандары, режиссерлер, сценаристер мен кино сыншылары қатысты. Кеңес мүшелерінің пікірінше әр туынды ең алдымен ұлттық идеологияға сай келуі тиіс. Одан кейін сценариінен бастап, картинасына дейін сүзгіден өтеді. Жиын барысында балалар мен жастарға арналған телехикаялар өндірісін қолға алу мәселесі де көтерілді.

Айтылған мәселелердің барлығы  протоколға енгіздік. Таяуда біз Медиа-уик өткіздік. Сонда да осы сериалдарға арнайы талқылау болды. Өте тартысты болды. Жақында орталық Азия медиа-форумы өтеді желтоқсан айында. Онда да осы сериалдарды талқылауды жоспарлап отырмыз, - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.

Өзгелердің жаңалығы