ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Telegram желісінен арна ашты. Бұл туралы министр Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін сіздерге айтар екі жаңалығым бар. Біріншісі, Telegram-арна аштым. Бұл көптен көкейде жүрген жоспар еді. Онда салаға қатысты ой-пікірлерімді жариялап отыруға тырысамын.
Екіншісі, бүгіннен бастап «Өзекті» атты YouTube жобаны бастадық. Жобада қоғамда көп талқыланған өзекті мәселелерге жауап іздейміз. Алғашқы шығарылымды төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар, - деп жазды министр парақшасында.