Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Асқар Қуанышұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Асқар Умаров 1976 жылы Алматыда туған. Тұран университетін бітірген.
1997-1998 жылдары — «Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың» әлеуметтік-экономикалық мәселелер секторының жетекші маманы.
1998-1999 жылдары — «Қазақстанның шағын бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман.
2001-2005 жылдары — «Новости недели» РГ» ЖШС тілшісі.
2005-2006 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ – «Астана» ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының шеф-редакторы.
Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2008-2010 жылдары — «Нұр-Медиа» ЖШС директоры, бас директорының орынбасары.
2011-2013 жылдары — «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті.
2014 жылы — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры.
2016-2017 жылдары — қоғамдық қордың президенті.
2017-2020 жылдары — «ҚазАқпарат» ХАА ЖШС бас директоры.
2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — «ҚазАқпарат» ХАА АҚ басқарма төрағасы.
2021 жылдың 19 тамызынан бастап Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінде.
022 жылдың 5 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет толық құрамда отставкаға кетті.
2022 жылдың 11 қаңтарында Президент Жарлығымен Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.