Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Астаналық және Қазақстандық митрополит Александрмен кездесті, деп хабарлады ҚР АҚДМ баспасөз қызметі.
Министр православ шіркеуі қашан да министрліктің елдегі конфессияаралық келісім құндылықтарын дамытуға бағытталған көптеген бастамаларына қолдау көрсетіп жүретінін атап өтті.
Сондай-ақ, Асқар Умаров төтенше жағдай кезінде мемлекет қабылдаған шараларға шіркеудің қолдау білдіргені үшін және түсіністік танытқаны үшін митрополитке өз атынан алғыс айтты.
Өз кезегінде митрополит Александр мемлекет жүргізіп отырған дін саласындағы саясат қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімді қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті.
Тараптар конфессиялар мен мемлекет арасындағы диалогты дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.