Ақпан айында жарыққа шығатын қызықты фильмдер

16 Ақпан 2022, 21:43
2129
Бөлісу:
Ақпан айында жарыққа шығатын қызықты фильмдер
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпан айында кино әлемі бірнеше жаңа туындымен толықпақ. Нақты қандай фильмдер көрермен назарына ұсынылатынын топтамадан оқи аласыз.

1.Moonfall / Айдың құлауы / Падение Луны

Жанры: әскери, фантастика

Елі: Қытай, АҚШ, Канада

Режиссері: Роланд Эммерих

Ақпан айында жарыққа шығатын қызықты фильмдер

Қысқаша сипаттама: Ғарышкер Джо Фоулер, Брайан Харпер және Алан Маркус Жер орбитасындағы спутникті жөндеу миссиясы кезінде бөлшектердің үйіндісіне ұқсас белгісіз нысанға шабуыл жасайды. Алан қайтыс болады, ал тергеу нәтижелері бойынша Харпердің түсіндірмесі комиссияны қанағаттандырмағандықтан, жұмыстан босатылады.

10 жыл өтеді. "Мегаструктуралар" маргиналды теориясының жақтаушысы Кей Си Хаусман Чили телескопына рұқсатсыз қосылып, Ай орбитасының қауіпті өзгерістері туралы мәліметтерге қол жеткізеді. Хаусман ақпаратты таратқанымен, ешкім мән бермейді. Айдың құлауы жерде катакализмнің басталуына себеп болады.

 

2. Hinterland /  Хинтерленд / Хинтерленд: город грехов 

Жанры: триллер,детектив, драма

Елі: Аустрия, Люксембург

Режиссері: Штефан Рузовицки

Ақпан айында жарыққа шығатын қызықты фильмдер

Қысқаша сипаттама: Вена, 1920 жыл. Қалада өлімнің көбеюін анықтау үшін детектив Петер Перг іске кіріседі. Тергеу жұмыстары барысында құрбандардың ішінде әріптестері де болғанын анықтайды.

"Хинтерленд" 2022 - экспрессионистік триллер.

Режиссер басты кейіпкердің көз алдында әлеуметтік құрылымның қатыгездігін Австрияның символикалық әлемін құру міндеті ретінде шебер көрсете алды.

3. Marry Me /  Маған тұрмысқа шықшы / Первый встречный

Жанры: мелодрама, комедия, музыка

Елі: АҚШ

Режиссері: Кэт Койро

Ақпан айында жарыққа шығатын қызықты фильмдер

 Қысқаша сипаттама: Кэт Вальдез бен оның сүйіктісі Бастиан жылдың үздік жұбы деп танылады. Алайда, салтанатты той алдында Кэт болашақ жарының опасыздығы жайлы біліп, ара-қатынасты тоқтатуға шешім қабылдайды. Уақыт өте келе Кэт математика пәнінің  мұғалімімен танысып, оған тұрмысқа шығуға бел байлайды.

4. Uncharted / Белгісіз / Анчартед: На картах не значится

Жанры: шытырман, әскери 

Елі: АҚШ

Режиссері: Рубен Фляйшер

Ақпан айында жарыққа шығатын қызықты фильмдер

Қысқаша сипаттама: Нейтан Дрейк (Том Холланд) және оның үлкен ағасы Сэм — Бостон католиктік балалар үйінің тәрбиеленушілері. Олар саяхатшылар мен қарақшылардың қазыналары туралы әңгімелерді жақсы көреді және өздерін ағылшын капитаны Фрэнсис Дрейктің ұрпақтары деп санайды. Магелланның әлем бойынша алғашқы саяхатының картасы сақталған көрмеде бауырларды полиция ұстап алып, Сэмді тұтқындамақшы болады. Алайда, Сэм түрмеге түспеу үшін Нейтпен қоштасып, қашып кетеді.

5. The Desperate Hour / Үмітсіз сағат / Гонка со временем

Жанры: триллер

Елі: АҚШ

Режиссері: Филлип Нойс

Ақпан айында жарыққа шығатын қызықты фильмдер

Қысқаша сипаттама: Эми Карр таңғы жаттығу кезінде ұлы оқитын мектеп қарақшылардың қоршауында қалғанын біледі. Шарасыз ана уақытпен және өліммен жанталаса шайқасады. Бала өмірі қыл үстінде тұрғанда анаға қарсы тұрар кім бар?

6. Почти Мачо

Жанры: комедия

Елі: Қазақстан

Режиссері: Бакытжан Жиеналы

Ақпан айында жарыққа шығатын қызықты фильмдер

Қысқаша сипаттама: Дамир - 33 жастағы тіс дәрігері. Ол АҚШ-тың Принстон қаласындағы беделді медициналық орталықтан көптен күткен жұмысқа шақыртуын алады. Бірақ Дамирдің анасы не үйленіп кетесің, не елде қаласың деп шарт қояды. Дәрігер бұл тапсырманы орындауға көмектесетін арнайы орталықтардың барын біледі. Оның екі ай уақыты бар. Қысқа уақытта лайықты жар таба ала ма екен?

 

7. Fireheart / Жалын жүрек/ Пламенное сердце

Жанры: отбасылық мультфильм, комедия, шытырман

Елі: Франция, Канада

Режиссері: Теодор Ти, Лоран Зэйтун

Ақпан айында жарыққа шығатын қызықты фильмдер

Қысқаша сипаттама: Нью-Йорктің әйгілі өрт сөндірушісі Шон Нолан қызы дүниеге келген соң қауіпті жұмысын тастап, тігіншілікпен айналысады. Алайда, Джорджиа Нолан бала кезінен әкесі сияқты болуды арманайды. Қаладағы өрт сөндірушілер жоғалып, өртенген ғимараттар саны күрт артқан уақытты пайдаланып, Джорджиа ер адам кейпінде жұмысқа орналасады.

8. Blacklight / Көлеңкелер ойыны / Игра теней

Жанры:  триллер

Елі: Қытай, Аустралия, АҚШ

Режиссері: Марк Уильямс

Ақпан айында жарыққа шығатын қызықты фильмдер

Қысқаша сипаттама: Бас кейіпкер FBI қызметі үшін әртүрлі жұмыстар жасап, парызын толық орындайды. Алайда, агент немересі үшін қызметтен кетуді шешкенде, басшылық рұқсат бермейді. Енді ол өзі білетін барлық ақпаратты үкіметке дейін жеткізуге бел байлайды.

9. «Розыгрыш по-казахски»

Жанры: комедия

Елі: Қазақстан

Режиссері: Олжас Ибраев 

Ақпан айында жарыққа шығатын қызықты фильмдер

Қысқаша сипаттама: Ең жақын үш достың да көңіл күйі жоқ. Себебі олардың бірі – Әлішер сүйіктісіне ұсыныс жасап, «жоқ» деген жауап алады. Достары оны қуантуға тырысып, демалыс күндерін ұйымдастырады. Демалыс кезінде Әлішердің достары Карла және Зара есімді қыздармен танысып, түрлі оқиғаға тап болады. Енді олардың жалғыз құтқарушысы – Әлішер.

 

 

Өзгелердің жаңалығы