Ақмолалық құтқарушылар бір түнде 80-нен астам адамды эвакуациялады

28 Қараша 2022, 11:21
1030
Бөлісу:
Ақмолалық құтқарушылар бір түнде 80-нен астам адамды эвакуациялады
PHOTO

Өткен демалыс күндері түнде ауа-райының нашарлауына байланысты «қатты аяз» салдарынан «Екатеринбург - Алматы» автожолынан құтқарушылар жергілікті атқарушы органдар және полиция қызметкерлерімен 62 адамды жолаушылар автобусынан эвакуациялады, оның ішінде 8 бала, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақмолалық құтқарушылар бір түнде 80-нен астам адамды эвакуациялады

Осылайша, Ресей Федерациясының 10 азаматы, Өзбекстан Республикасының 10 азаматы және Тәжікстан Республикасының 42 азаматы Көкшетау қаласының
әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды, зардап шеккендер жоқ. 

Сағат 21.57-де Ерейментау қаласының №24 өрт сөндіру бөліміне Жол полициясы қызметкерінен «Астана-Павлодар» тас жолында 187 шақырымда «Сарыағаш-Новосібір» рейсімен жолаушылар автобусы бұзылғандығы туралы, онда 11 адам оның ішінде 5 баланы эвакуациялау қажеттігі жөнінде телефон хабарламасы түседі. Құтқарушылар дереу шақыру орнына барып, Өзбекстан азаматтарын Ерейментау қаласының агротехникалық колледжіндегі жылыту пунктіне эвакуациялаған болатын.

Ақмолалық құтқарушылар бір түнде 80-нен астам адамды эвакуациялады

Сонымен қатар, Атбасар ауданында, Бастау а. дизель отынының қатып қалуына байланысты жүк көлігі жолда тұрып қалған. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен Қырғызстан Республикасының төрт азаматы жылыту пунктіне орналастырылды. Сондай-ақ, Республикалық маңызы бар автожолдан Аршалы ауданына төрт адам және бір автобус орналастырылды.

Ақмолалық құтқарушылар бір түнде 80-нен астам адамды эвакуациялады

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын жолдардың жабылуы туралы СМС хабарламалар алған кезде жолға
шықпауларын сұрайды. Жолдардың жабылуы және ауа-райы туралы ақпаратты «Дәрмен» қосымшасын жүктеу арқылы немесе 1403 нөмірі бойынша білуге болады.

Өзгелердің жаңалығы