Мамыр айының ортасында «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-тың Ақмола облысы бөлімшесінде жалған құжаттарды пайдалана отырып, шетелден әкелінген 62 автокөлік құралын есепке заңсыз қою фактілері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысы ПД-ның Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақмола облысының "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ ішкі қауіпсіздік қызметімен өзара іс-қимыл барысында жалған құжаттарды пайдалана отырып, шетелден әкелінген 62 автокөлік құралын есепке заңсыз қою фактілерін анықтады.
Шығын көлемі 500 млн теңгені құрады.
Бұл факт ҚР ҚК 385-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 30 жастағы жігіт анықталып, оның аталған фактіге қатыстылығы тексерілуде. Бұл іс экономикалық тергеу департаментіне жолданды, – делінген полиция хабарламасында.
Полицейлер тексеруді жалғастыруда.