Ақмолада бюджеттен ақша жымқырған бухгалтер сотталып кетті

Бүгiн, 11:01
142
Бөлісу:
Ақмолада бюджеттен ақша жымқырған бухгалтер сотталып кетті
Фото: pixabay.com/ru

Ақмола облысында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін бухгалтер сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Целиноград ауданының прокуратурасы білім бөлімін тексеру барысында жалпы сомасы 5,8 млн теңгеге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. 

Мекеменің бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып жалған құжаттар жасағаны және шоттарына ақшалай қаражатты негізсіз есептеген фактілерін жасырғаны анықталды. ҚК 190-б. 3-б 1-т. сәйкес осы факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, пробациялық бақылау белгіленіп, 3 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды, - делінген Ақмола облысы прокуратурасының хабарламасында.

Айта кетейік, залал сомасы мемлекет бюджетіне қайтарылды.

Өзгелердің жаңалығы