Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында далада тұрған дәретханаға құлаған екі жасар бала көз жұмды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 маусым сағат 11.30 шамасында Бұланды АПБ кезекші бөліміне 2 жастағы бүлдіршін жеке тұрғын үйдің ауласында абайсызда канализация септигіне түсіп кеткені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына дереу арада полиция, ТЖБ қызметі, жедел медициналық көмек қызметкерлері келді. Баланың оқиға орнында есін жимастан қайтыс болғаны анықталды, – делінген хабарламада.