Ақмолада 10 индустриялық жоба іске қосылады

24 Ақпан 2022, 13:07
1171
Бөлісу:
Ақмолада 10 индустриялық жоба іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында 10 индустриялық жоба іске қосылады. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі өңір экономикасының жалпы құрылымында 25%-ға жеткен.

Бұл туралы өңірдің ішкі саясат басқармасы мәлімдеді.  

Басқарманың хабарлауынша, биыл кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында 1,9 мың жұмыс орнын құрумен 144,8 млрд теңгеге 10 жобаны іске қосу жоспарланған. 
Олардың ішіндегі ең ірілері Бурабай ауданында өңдеу қуаты жылына 5 млн тонна алтын өндіру фабрикасы, қуаттылығы жылына 25 мың тонна Макинск құс фабрикасының үшінші кезегі және басқалары.

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Ербол Оспановтың айтуынша, экономикалық белсенділіктің драйвері – инвестициялардың өсуі. .

2010 жылдан бастап іске қосылған ИИДМБ жобаларының арқасында облыста бұрын облыс аумағында шығарылмаған жаңа өнім: темірбетон құбырлар, сфералық подшипниктер, сирек кездесетін металдар, кешенді биоайтқыштар, алкогольсіз сусындар, биг-бэг типті қаптар, цемент, ауыл шаруашылығы және коммуналдық техника және басқалары өндірісі игерілді - деп атап өтті облыстық ведомство басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы өңірде Индустрияландыру картасы аясында жалпы инвестиция көлемі 790,1 млрд болатын 9 жоба пайдалануға берілді, аталған кәсіпорындарда 564 жаңа жұмыс орны құрылды.

Жалпы, өңірде 2010 жылдан бастап 428,8 млрд теңгеге 110 астам жоба жүзеге асырылды.

Өзгелердің жаңалығы