Ақмола тұрғынынан заңсыз үш мылтық тәркіленді

10 Қазан 2023, 08:20
735
Бөлісу:
Ақмола тұрғынынан заңсыз үш мылтық тәркіленді
Фото: polisia.kz

6 қазан күні Ақмола облысы полиция департаментінің Біржан-сал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қару» ЖПІШ өткізу барысында жергілікті тұрғындардың бірінен тіркелмеген 3 бірлік қаруды, гильзалар мен оқтарды тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін полиция бөліміне ауыл тұрғыны атыс қаруын ұстайтыны туралы ақпарат келіп түскен болатын. Тексеру және іздеу барысында 33 жастағы ауыл тұрғынының үйінен полицейлер тіркелмеген МР-233 ЕА маркалы 12 калибрлі атыс қос ұңғылы мылтықты, тіркелмеген шағын калибрлі мылтықтардың екі бірлігін, олардың біреуі оптикалық көздеуімен, оқтар мен гильзаларды тәркіледі. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді.

Біржан-сал ауданы ПБ тергеу бөлімімен бұл факті ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы