"Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Шу ауданындағы жеке үйдің ауласынан қарасора плантациясын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ер адам жаз бойы күтіп, баптаған өсімдіктердің орташа биіктігі 2-3 метрге жеткен.
Нәтижесінде полицейлер жалпы салмағы 235 келіні құраған 490-нан астам бұтаны жойды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.