Ақмола облысының екі ауданында табиғи өрт тіркелді

ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы 6 рет су төгіп, 18 тонна, ал «Қазавиаорманқорғау» тікұшағы 22 рет су төгіп, 13 тонна су шашты.

 Скриншот 8 Қыркүйек 2026, 21:49
8 Қыркүйек 2026, 21:49
173
Фото: Скриншот

Ақмола облысының Бұланды және Целиноград аудандарында табиғи өрттер тіркелді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бұланды ауданындағы 26-разъезд станциясы маңында алдын ала есеп бойынша 5 гектар аумақта орман төсеніштері өртенген. Өртті сөндіруге 100 адам мен 21 техника, сондай-ақ авиация жұмылдырылды.

ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы 6 рет су төгіп, 18 тонна, ал «Қазавиаорманқорғау» тікұшағы 22 рет су төгіп, 13 тонна су шашты. Өрт оқшауланды, толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Ал Целиноград ауданындағы Ыбырай Алтынсарин ауылы маңында құрғақ шөп өртенді. Тілсіз жаумен күреске Ақмола облысы мен Астана қаласы ТЖД-ның 47 қызметкері және 12 техникасы тартылды. Өрт толық сөндірілді.

ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, ашық отты пайдаланғанда барынша абай болуға шақырды.

Наверх