Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақмола облысының 33 тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалған

8 Маусым 2024, 17:37
608
Бөлісу:

Ақмола облысының 33 тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ өңірлік прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағы да маркетплейстер арқылы тауар сатып алу, сондай-ақ қоңырау шалған «ұялы байланыс операторларына» сену арқылы азаматтар ақшасынан айырылды.

Осы аптада белгісіз тұлға облыс тұрғынына телефон соғып, өзін ҰҚК-нің қызметкерімін деп таныстырып, алаяқтық жолмен 750 мың теңге несие ресімдеген.

Басқа бір жағдайда, OLX арқылы пәтер жалдағысы келген 3 адам алаяққа 115 000 теңге алдын ала төлем аударған.

Қазіргі уақытта алаяқ анықталып, қамауға алынды.

Облыс прокуратурасы сатушының сенімділігіне көз жеткізбей, тауардың толық төлемін аудармауға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы