Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақмола облысындағы егін даласы: Биылғы науқанның табысты қадамдары

16 Қыркүйек 2025, 12:25
400
Бөлісу:
 Ақорда
PHOTO
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке биыл өңірдегі егіс алқабының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 миллион гектарға жеткені баяндалды.

Ақмола облысындағы егін даласы: Биылғы науқанның табысты қадамдары

Болжам бойынша аймақтағы агроқұрылымдар 7 миллион тоннадан астам дәнді, 650 мың тоннадан аса майлы дақыл жинамақ. Бүгінге дейін 3,6 миллион тонна астық бастырылды. Орта есеппен 1 гектар алқаптан 15,4 центнер өнім алынған. Жиналған өнімнің сапасы жоғары.

Ақмола облысындағы егін даласы: Биылғы науқанның табысты қадамдары

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде мол өнім беретін майлы дақылдар алқабын ұлғайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Ақмола облысындағы егін даласы: Биылғы науқанның табысты қадамдары

2023 жылмен салыстырғанда мұндай егістік алаңының көлемі 2,5 есе артып, 495 мың гектарға жеткен.

Ақмола облысындағы егін даласы: Биылғы науқанның табысты қадамдары

Осындай көпбейінді шаруашылықтардың бірі – "Зеренді сақтау өнімдері" ЖШС.

Ақмола облысындағы егін даласы: Биылғы науқанның табысты қадамдары

Кәсіпорын директоры Ербол Жауаровтың айтуынша, шаруашылық дәнді және бұршақты дақылдарды өсірумен, сиыр, жылқы тұқымдарын асылдандырумен айналысады.

Ақмола облысындағы егін даласы: Биылғы науқанның табысты қадамдары

Бұдан бөлек, серіктестіктің қуаттылығы 2,5 мың тонна болатын май зауыты, құс фабрикасы мен диірмені бар.

Ақмола облысындағы егін даласы: Биылғы науқанның табысты қадамдары
Өзгелердің жаңалығы