Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақмола облысында жеті көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Бүгiн, 16:51
163
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Ақмола облысындағы Астана – Ерейментау – Шідерті тас жолының 94–95 шақырымында жеті көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полицияның мәліметінше, соқтығысқан көліктер Павлодар бағытына қарай қозғалып келе жатқан.

Алдын ала деректер бойынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан әртүрлі дене жарақатын алған екі адам медициналық мекемеге жеткізілді. Бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды, – деп мәлімдеді Ақмола облысының полиция департаменті.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті осындай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдық режимін сақтауға, әсіресе көлік қозғалысы тығыз учаскелерде мұқият болуға, сондай-ақ көліктердің техникалық жағдайын қадағалауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы