Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Аршалы ауданында "ЦАТЭК Green Energy" ЖШС жел электр станциясын салу бойынша ірі жобаның алғашқы кезеңін (қуаты 50 МВт) жүзеге асырады. Бұл туралы аймақ басшысының орынбасары Марат Иғалиев Іnstagram-дағы парақшасында жазды.
"2019 жылы Ақмола облысының Аршалы ауданында «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС жел электр станциясы салу бойынша ірі жобаның алғашқы кезеңін (қуаты 50 МВт) жүзеге асырады. Екінші кезеңде қуаттылықты 100 МВт дейін арттыру қарастырылған. Сонымен қатар компанияның үшінші кезеңде қуаттылықты екі есеге арттыру жоспарында бар", - делінген жазбада.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиевтің айтуынша, 2020 жылы Целиноград ауданында "KB Enterprises" ЖШС (қуаты 100 МВт) күн электр станциясын іске қосу жоспарланған. Жобаға құйылатын инвестиция көлемі 53,3 млрд теңге және ол шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылады. Бүгінгі күні аумағы 300 гектар жер телімі бөлініп, жобалық-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.