Ақмола облысында жеке тұрғын үй өртенді

Ақмола облысында өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 12 Қыркүйек 2024 2024, 08:28
12 Қыркүйек 2024 2024, 08:28
660
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Ақмола облысында өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Зеренді ауданының Зеренді ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында гараж шатыры жанып, өрт жеке моншаның шатырына көшкен.

Өрт сөндірушілер өрттің көрші ғимараттарға одан әрі таралуына жол бермей, жалпы ауданы 40 шаршы метр болған өртті толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - деп атап өтті ведомстводан.

Өрт орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Наверх