Ақмола облысында үздік эко-жобалар анықталды

24 Қараша 2022, 15:04
1766
Бөлісу:
Ақмола облысында үздік эко-жобалар анықталды
PHOTO

Ақмола облысында оқушылар мен студенттер арасында Eco Aqmola экологиялық жобалар көрмесі өтті, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл  – ауыл ауыл шаруашылығы, IT-технологиялар, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, ауаны тазарту бойынша жобалар. 

Көрмеге Ақмола облысының оқушылары мен студенттері қатысты. 60-тан астам өтінім қабылданды. Солардың ішінен он жеңімпазды анықтадық. Жобалардың нақты өмірде пайда әкелгенін қалаймын, – деп атап өтті «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қорының төрайымы Мәриям Әбішева.

Теміржол дірілінен энергия алу идеясы ең үздік жоба деп танылды. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Диасәлі Кәрімнің айтуынша, елімізде теміржолдардың тек 20 пайызы ғана электрмен жабдықталады. Ол ғылыми жетекшісі Жанғозы Оңғарбаймен бірге «теміржол дірілінен энергия генерациялау құрылғысы» жобасын әзірледі.

Ақмола облысында үздік эко-жобалар анықталды

Менің құрылғым қозғалыс кезінде пайда болатын механикалық тербелістерді электр энергиясына айналдырады. Жұмыс принципі электромагниттік индукцияға негізделген: діріл кезінде механикалық тербелістер магнит өрісін кесіп өтетін мыс катушкасын басқарады. Әрі қарай, оның ұштарынан ток шығады, ол аккумуляторға өтеді. Оның энергиясын теміржол жүйесін жарықтандыру және бақылау үшін пайдалануға болады, – деп түсіндірді жоба қатысушысы.

Ол жобаны өткен жылдың наурыз айынан бастаған. Оның артықшылығы теміржол инфрақұрылымын электрмен қамтамасыз етумен қатар, айтарлықтай үнем жасалатындығында.

Жоба экономикалық тұрғыдан тиімді. Өйткені бір құрылғыны әзірлеу 8-9 мың теңгені құрайды. Ал бұл шығын  теміржол көлігінің тұрақты трафигі жағдайында 20-25 күн ішінде өтеледі, – деп толықтырды оқушы.

Аталған жоба үздік деп танылды. Жоба қатысушысы «Бизнес-менеджмент» және «Инженерия» бойынша қосымша білім алуды жоспарлап отыр.

Ақмола облысында үздік эко-жобалар анықталды

Болашақта инженериямен байланысты жобалар әзірлеп, елімізде бизнес саласын дамытқым келеді, - деп түйіндеді ол.

 «Су айдындарын тазартуға арналған заманауи машинаның макеті» жобасы екінші орынды еншіледі. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Аружан Жәнібек құрылғы қашықтан басқару пульті арқылы жұмыс істеп, күн энергиясын өндіретінін айтты.

Біздің машина су бетіндегі қоқыстарды жинайды. Үлкен техника көп қаржыны талап етеді. Сондықтан біз қолжетімді шағын нұсқасын жасауды шештік, – деп түсіндірді оқушы.

Келесі жоба – бірреттік медициналық маскалардан қалай қауіпсіз құтылуға болатындығы туралы. Бұл – Бурабай кентіндегі С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушысы Лариса Городецкая химия пәнінің мұғалімі Эльвира Шлейнингермен бірлескен жобасы. 

Алдымен медициналық масканың химиялық құрамын зерттеген.

Ол полипропиленнен жасалған. Әрі қарай бізге маска еріткішін табу керек болды. Ол экологиялық таза болуы және өңдеу кезінде улы заттарды шығармауы керек. Бұған эфир қолайлы, ол экологиялық таза және тіпті тамақ өнеркәсібінде де қолданылады. Мектеп зертханасында біз сірке қышқылының этил эфирін алдық. Оған маска бөліктерін салдық, бір күннен кейін ешқандай өзгеріс байқалмады, - деді мектеп оқушысы.

Мадина Абатова мен Расул Мейрам жобасы фермерлердің өмірін едәуір жеңілдетуге бағытталған. 

Информатиканың көмегімен біз дрондардың жұмысын автоматтандырдық. Олардың барлығында арамшөптерді жергілікті түрде анықтай алатын сымсыз камералар болады. Түсі бойынша олар камераларда квадраттармен ерекшеленеді. Осылайша, дрон кем дегенде 50 метр биіктікте алқаптарды айналып өтіп, суретке түсіреді, сонымен қатар онлайн-мониторинг жүргізеді, - деді Мадина Абатова.

Жоба гербицидтерді пайдаланудың экономикалық шығындарын айтарлықтай төмендетуге, сондай-ақ уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бидай мен арамшөптердің түсі бірдей – жасыл, оларды өскен кезде ғана ажыратуға болады, өйткені дәнді дақылдар арамшөптерге қарағанда баяу дамиды. Камерасы бар дрон айналып өтіп, өсімдіктердің өсімін анықтайды. Қандай гербицид қолдану керектігін таңдауға болады. Сондай-ақ, алқаптарды өңдеу де қашықтан жүзеге асырылады, – деп толықтырды Расул Мейрам.

Жоба қатысушылары идея экономикалық тұрғыдан тиімді деп сендірді.

Көкшетаулық Әрсен Абылай құрастырған жүйе өсімдіктердің жағдайын бақылауға ғана емес, мысалы, жылыжайларда сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол үшін Arduino Uno платформасын, сондай-ақ ЭКГ сенсоры мен «ақылды» розеткаларды пайдаланды.

Атбасарлық оқушысы Артем Каблуковтың жобасы қазандық құбырларынан атмосфераға бөлінетін зиянды заттарды азайтуға арналған.  

Қалада ауаның ластану деңгейін анықтайтын жеті сенсор орнатылған. Атбасарда өнеркәсіптік кәсіпорындар болмаса да зиянды қалдықтар мөлшері көп екені анықталды,– дейді ол.

Осылайша, жоба қатысушысы сүзгі ойлап табуды мақсат еткен.

Мен шаңсорғыштың қозғалтқышын негіз ретінде алдым, оны шүберек сүзгі, металл тормен толықтырдым. Сондай-ақ ластанудың бар-жоғын тексеру үшін дәке қойдым. Сүзгіні түтін пешіне қойдым және шығарындылар үш есе азайғанын байқадым, – деп бөлісті оқушы.

Ол әркім өзі тұрып жатқан жердің экологиясын жақсартуға үлесін қоса алады деп санайды.

Ақмола облысында үздік эко-жобалар анықталды

Көкшетаудағы №19 мектеп-гимназиясының оқушысы Алан Тұяқ пен оның ғылыми жетекшісі Қажымұқан Кәрім шағын су электр станциясының жобасын әзірледі.

Бұл арнайы жабдықтардан тұратын күрделі кешен. Олар бөгет пен су қоймасын толтыру үшін тұрақты су ағыны бар өзендерде тұрғызылады. ГЭС салу кезінде пайда болатын бөгеттер тұрақты су ағынын шоғырландыру үшін қажет, арнайы жабдықтың көмегімен ол электр энергиясына айналады, – дейді оқушы.

Көрменің ең жас қатысушысы – 5 сынып оқушысы Әли Рустамұлы «Экология және табиғат» үйірмесінің жетекшісі Тамила Жабасовамен бірге Eco Tracker мобильді қосымшасын әзірледі. Оның мәні – қоқысты дұрыс сұрыптау мәдениетін қалыптастыру. Қосымшаның өзі қайталама шикізатты қабылдау пункттері мен қоқыс жәшіктері көрсетілген карталармен жабдықталған. Сондай-ақ, мұнда қалдықтарды таңбалау түрлері туралы ақпаратты таба аласыз. Жоба авторлары қайта өңдеумен айналысатын жергілікті LS Kokshetau фирмасымен байланысуды жоспарлап отыр.

Ақмола облысында үздік эко-жобалар анықталды
Өзгелердің жаңалығы