Ақмола облысында тарихи-өлкетану мұражайы ашылды

23 Наурыз 2022, 16:17
2912
Бөлісу:
Ақмола облысында тарихи-өлкетану мұражайы ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ақмола облысы Қорғалжын ауданында музей ашылды. Тарихи-өлкетану қоғамдық музейі ауданда бұрын-соңды болмаған деп хабарлайды өңірдің ішкі саясат басқармасы. 

Тарихты зерттеп, зерделеп, оны халыққа жеткізу, бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау мақсатында ашылған музей аудан тұрғындары үшін мейрам қарсаңында тамаша жаңалық болған.

Ақмола облысында тарихи-өлкетану мұражайы ашылды

Ауданымызда алғашқы рет тарихи-өлкетану қоғамдық музейін ашқалы отырмыз. Баршамызға құтты болсын. Бұл мұражай ұрпақтарымыз үшін жасалған аса бағалы мәдени орын деп ойлаймын.Осы мұражай орналасқан ғимараттын өзі – тарихи ескерткіштердің бірі деп саналады, - деді аудан әкімі Берік Жанбаев.

Ауданда музей ашу жұмыстары 2019 жылдан бастап қолға алынған. Сол уақыттан бері арнайы қор құрылып, оған жергілікті халық қаражат салса, Қорғалжын ауданы әкімдігі музейге арнап ғимарат бөлді. Бұл ғимараттың өзі ауданда ең бірініші болып бас көтерген құрылыстардың бірі. 

Музейдің жан-жақты жұмыстарын атқарып, еңбегін сіңірген зейнеткер, өлкетанушы Аманжол Әужанұлының айтуынша бір ғасырға жуық тарихы бар Қорғалжын өлкесінде әлі талай сырға толы тарихи мұралар табылып, анықталып, мұражайдың жәдігерлері одан әрі толықтырылады.

Ақмола облысында тарихи-өлкетану мұражайы ашылды

Музейде аудан тарихы, ауданды ашқан тұлғалар туралы ақпараттар, тарихи және ескі жәдігерлер қойылған. 

Айта кетерлігі, музей ауданға жылына 5000 астам келетін туристке ауданның тарихымен танысуға тамаша мүмкіндік береді.  

Өзгелердің жаңалығы