Ақмола облысында бұл үшін 400 шақырымнан астам су құбырын салу мен реконструкциялауды көздейтін 45 жоба іске асырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астананың іргесіндегі елді мекендерді сумен жабдықтау жұмыстары аяқталып келеді, соңғы 4 жоба жүзеге асырылса 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізіледі.
Биыл облыс орталығының іргесіндегі Станционный кентінде, сонымен бірге, Қосшы, Макинск және Ерейментау қалаларында жүзеге асырылып жатқан жобаларды аяқтау жоспарланған. Бұл жобаларды іске асыруға аудандық және облыстық бюджеттерден қомақты қаражы бөлінді, - деді Ақмола облысының әкімі.
Ауылдық елді мекендердегі халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің маңызы зор. Осы ретте, биыл 37 ауылда су құбыры желілері салынады.
Ауыл тұрғындарын тіршілік нәрімен қамтамасыз ету мақсатында биыл 37 ауылда су құбыры желілерін салу жоспарланған. Сонымен қатар, суды тазартуға арналған кешенді блок-модульдер орнатылады, - деді ол.
Бұл жобаларды іске асыру нәтижесінде 12 мыңнан астам ақмолалық таза ауыз сумен қамтылады. Бұған қоса, жыл соңына дейін өңірде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тозуын азайтуға бағытталған 70 жобаны жүзеге асыру көзделген.