Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақмола облысында су тазарту станциясы салынды

15 Қыркүйек 2025, 08:55
429
Бөлісу:
 Скриншот
Фото: Скриншот

Ақмола облысына қарасты Державинск қаласында жаңа су тазарту станциясы салынды. Енді аудан орталығындағы 5 мыңға жуық тұрғынды таза ауызсумен қамтуға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, шағын шаһардағы ескі құбырлар да толығымен жаңартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Қазір Жарқайың ауданындағы 19 елді мекен орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Державинск қаласының сумен жабдықтау жұмыстарына ел қазынасынан 2 млрд теңге бөлінді. Қомақты қаржыға аудан орталығындағы 19 шақырым құбыр желісі ауыстырылып, ең бастысы жаңа су тазарту станциясы салынды. Мұнда тәулігіне 4 мың 800 текше метр суды сүзгіден өткізеді.

Стратегиялық маңызды нысан толығымен автоматтандырылған. Заманауи қондырғылар Израильдан әкелінген. Шағын шаһар тұрғындары жаңа станциясының құрылысын көп күткендерін айтады. Өйткені, олар осы уақытқа дейін дәмі кермек татыған сапасыз тіршілік нәрін тұтынып келді.

Жалпы биыл өңірде 36 ауыл орталықтандырылған сү жүйесіне қосылды. Бұдан бөлек, халық саны аз 42 елдімекенге су тазарқыш модулін ортанатылды. Жауаптылардың сөзінше, жыл соңына дейін аймақ тұрғындары 100 пайыз таза ауызсумен қамтылады.

Өзгелердің жаңалығы