Ақмола облысында биыл 8 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оған бюджеттен 4 млрд теңге жұмсалды. Ал халқы аз 42 шағын ауылға су тазарту станциясы орнатылды
400-ге жуық тұрғыны бар Сәкен Сейфуллин ауылы қазір толығымен орталықтандырылған суға қосылды. Ал облыс бойынша биыл осы бағытта құны 32 млрд.теңге болатын 68 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның 20-сы жыл соңына дейін аяқталады.
2024-2025 жылдары біз 45 ауылға ауызсу тартуды жоспарлап отырмыз. Ал 96 ауылға су тазарту станциясы орнатылады. Қазір соның 42-ін орнатып, пайдалауға бердік. Қалған жобалар келер жылы аяқталады, - облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы Игорь Макаров.