Ақмола облысында құтқарушылар ЖКО кезінде көмекке келді

24 Тамыз 2024, 21:45
3675
Бөлісу:
Ақмола облысында құтқарушылар ЖКО кезінде көмекке келді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Ақмола облысында Ерейментау ауданында "Астана-Павлодар" автожолында автокөліктің аударылуы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Апат орнына шақырылған құтқарушылар дереу автокөліктен зардап шеккен адамды шығарып алуға кірісті. Жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының нәтижесінде әйел көліктен аман шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды, - делінген ведомство хабарламасында.

Жол көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Өзгелердің жаңалығы