Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақмола облысында Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

3 Шілде 2025, 22:27
732
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі тұрғын – 26 жастағы Қырғабақова мен 24 жастағы Қасымхан 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, олар малайзиялық компания атынан әрекет етіп, QVI tripsaver жалған саяхат карталары мен зергерлік бұйымдарды сату арқылы 39 адамды қаржы схемасына тартқан. Жәбірленушілерге жоғары табыс уәде етіліп, жаңа қатысушыларды тарту негізгі шарт ретінде қойылған. Төлемдер жаңа салымшылардың қаражаты есебінен жүргізілгені анықталды.

Айта кету керек, Қырғабақова Instagram желісінде әдейі сән-салтанатты өмір салтын көрсетіп, адамдарды алдауға тырысқан.

Пирамида салдарынан келтірілген залал көлемі 40 миллион теңгені құрады.

Өзгелердің жаңалығы