Ақмола облысында притонның ұстаушысы полицейге пара ұсынған

16 Сәуір 2024, 08:05
425
Бөлісу:
Ақмола облысында притонның ұстаушысы полицейге пара ұсынған
Фото: Нұркен Алишев -архив

Көкшетау қаласының тұрғыны полиция қызметкеріне жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру ісінде оны жауапқа тартпағаны үшін пара беруге тырысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесі ұсынған ақпарат бойынша Өзіндік қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлері қолма-қол ақша беру кезінде 44 жастағы азаматты ұстады.

Пара бергені және жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу үшін притонды ұйымдастырғаны немесе ұстағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы