Ақмола облысында пойыздың 8 вагоны аударылып қалды

5 Мамыр 2019, 11:44
3338
Бөлісу:
Ақмола облысында пойыздың 8 вагоны аударылып қалды

Алматы, BAQ.KZ. Ақмола облысының Ақкөл станциясы маңында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетіп 8 вагон аударылып қалған. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Апат 2019 жылдың 5 мамырында сағат 01:55 кезінде Нұр-Сұлтан-Көкшетау темір жол учаскесіне қарасты Ақкөл станциясында орын алған. 8 вагон рельстен шығып қалса, 5-уі аударылған және дизель далаға төгілген», - делінген хабарламада

Оқиға орнында арнайы тергеу комиссиясы құрылған.

Апат салдарын жою үшін Бүрабай курорты станциясы мен Нұр-Сұлтан қаласының өрт сөндіру пойыздары келген, сонымен қатар Ақкөл ауданының ТЖ бөлімі мен өрт сөндіру көліктері жұмылдырылған.

Хабарламада айтылғандай, апаттың орын алуына вагондардың бүйір рамасының сынуы себеп болған (меншік иесі «Исткомтранс» ЖШС). Зардап шеккендер жоқ.

Аталған аумақта жолаушылар мен жүк пойыздары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. 

Заңнамада қарастырылған тәртіп бойынша келтірілген шығынды жүк вагонының меншік иесін өтейтін болады.


Өзгелердің жаңалығы