Ақмола облысында полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты

Ақмола облысында қызмет барысында патрульдік полиция инспекторы, аға лейтенант Асанәлі Асқарбеков қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ақмола облыстық ПД 7 Желтоқсан 2025 2025, 17:55
7 Желтоқсан 2025 2025, 17:55
593
Фото: Ақмола облыстық ПД

Ақмола облысында қызмет барысында патрульдік полиция инспекторы, аға лейтенант Асанәлі Асқарбеков қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысының полиция департаменті қызметтік міндетін атқару кезінде патрульдік полиция инспекторының қаза болуына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Қайғылы оқиға биыл 7 желтоқсанда Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында болды. Алғашқы мәліметтер бойынша, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерге қауіп жөнінде, жылдамдықты төмендету және жолдың тарылуы туралы ескертіп тұрған патрульдік полиция инспекторын қағып кеткен, – деп мәлімдеді Ақмола облыстық ПД..

Департамент бұл оқиға бойынша "жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізілетінін" айтты.

Наверх