Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақмола облысында педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ақмола облысында педофилге өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ақмола облысында сот кәмелетке толмағанға қатысты зорлық әрекеттер жасағаны үшін ер адамды кінәлі деп танып, оған қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.

Қылмыстық іс тікелей дәлелдер, бейнежазбалар арқылы нақтыланды. Күдікті анықталып, қолға түскен. Оған бұлтартпау шарасы қолданылған.

Тергеу аяқталған соң іс сотқа жолданып, желтоқсан айында сот өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. 

Өзгелердің жаңалығы