Ақмола облысында өртенген үйден екі адамның мәйіті табылды

7 Қаңтар 2024, 20:04
636
Бөлісу:
Ақмола облысында өртенген үйден екі адамның мәйіті табылды
Фото: видеодан кадр

Бурабай ауданы Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Өрт екі адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өртті сөндіруге 7 техника мен жеке құрамнан 22 адам жұмылды. Өртті сөндіру жоғары өрт жүктемесіне байланысты қиындады. Өйткені үй құрылымдық жағынан толығымен ағаш конструкциялардан тұрғызылған және отқа төзімділіктің 5-дәрежесіне жатады. Өрт сөндірілді.

Өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылды. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті қаза болғандардың туыстарына көңіл айтады, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті үйдегі өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады. Атап айтқанда:

  • электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз;
  • жылыту пештерін қараусыз қалдырмаңыз, ұзақ қыздырмаңыз;
  • электр жабдықтары мен сымдардың жағдайын бақылаңыз;
  • үй-жайларды немесе көліктерді жылыту үшін қолдан жасалған, ақауы бар жылыту құрылғысын пайдаланбаңыз;
  • Балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.

Теміртау маңында ер адам бір және үш жастағы екі кішкентай баласымен бірге өртеніп жатқан көліктің ішінде қамалып қалды. Отбасы аман қалды, бірақ балалар ауыр күйік алды.

Өзгелердің жаңалығы