Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақмола облысында өрт сөндірушіні еске алды

8 Қыркүйек 2023, 21:34
1294
Бөлісу:

Бүгін Ақмола облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері Абай облысында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан өрт сөндірушіні бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 7 қыркүйекте Абай облысы Жарма ауданы Божүгір ауылдық округіндегі бірінші ауыл учаскесінде болған табиғи өртті сөндіру кезінде тілсіз жаумен күресте № 22 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру көлігінің жүргізуші-қызметкері, азаматтық қорғау сержанты Айдос Тоғызбаев қаза тапты.

ҚР Президентінің Жарлығымен көрсеткен ерлігі үшін азаматтық қорғау сержанты Айдос Тоғызбаев қаза тапқаннан кейін III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы