Елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің құрметіне ескерткіш Көкшетаудағы орталық алаңға жақын аллеяға орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов мемлекеттің стратегиясы ең алдымен азаматтарды қорғауға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталғанын, осы ретте құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің еңбегі аса маңызды, деп атап өтті вице-министр.
Асқар Забикулиннің ерлігі, оның өмірі – патриотизмнің, парыздың, қорықпаудың үлгісі. Бүгін алаңға шыққан өрт сөндірушілердің қазіргі буынына қарайтын адам бар. Асқар Забикулиннің есімі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ғана емес, бүкіл еліміздің тарихында жазылған. Оның қаһарман мысалында және борышы үшін өз өмірін құрбан еткен басқа құтқарушылардың мысалында Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігін адал және жауапкершілікпен қамтамасыз ету үшін азаматтық қорғау органдарының жүйесіне келетін жастардың жаңа буыны тәрбиеленетін болады. Асқар туралы жақсы естелік, өз ісінің маманы ретінде біздің жүрегімізде мәңгі қалады, – деді Бауыржан Сыздықов.
Ескерткіш тақтадан ақ жамылғыны алып тастағаннан кейін, жиналғандар мемориалға гүлдер қойып, батырды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Ақмолалық құтқарушылардың кәсіби іс-қимылдарының арқасында өткен жылы 300-ден астам адамның өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға мүмкіндік туды. Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз одан әрі қауіпсіздік кепілі болатынына сенімдімін. Асқар Забикулиннің ата - анасына үлкен алғысымды білдіргім келеді, Сіздердің ұлдарыңыз әрқашан жас ұрпаққа үлгі болады, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов.
Асқар Забикулиннің бюсті биіктігі 3,7 метрлік тұғырға орнатылған. Ескерткіштің айналасы абаттандырылған және ағаштармен қоршалған.
Естеріңізге сала кетейік, елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулин 2022 жылдың қараша айында тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндіру барысында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тауып, өз өмірін қатерге тігіп, үш адамның өмірін сақтап қалған болатын. Президент Жарлығымен Асқар қайтыс болғаннан кейін І дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасымен марапатталды.