Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақмола облысында оқушыларды көлік қағып кетті

2 Желтоқсан 2025, 06:51
251
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында жаяу жүргіншілер өткелінде екі оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарақат алған 5 және 15 жастағы екі қыз ауруханаға жатқызылды. Оқиға Ақмола облысының Целиноград ауданында болған.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, 1 желтоқсанда жүргізуші "Ниссан Премьера" автокөлігімен Қоянды кентінде жүріп келе жатып, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 2 кәмелетке толмаған баланы соғып кеткен.

Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Аталған факт бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлады полициядан.

Өзгелердің жаңалығы